Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2019-2020 оқу жылына түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан талапкерлерді қабылдайтынын хабарлайды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2019-2020 оқу жылына түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан талапкерлерді қабылдайтынын хабарлайды

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2019-2020 оқу жылына түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан бакалавриат бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдайтынын хабарлайды. Студенттерге шәкіртақы қарастырылған.

Өтініштер тек интернет желісі арқыла ғана онлайн түрде қабылданады. Өтініште таңдаған мамандық көрсетілмейді. Мамандық таңдау оқу жылы соңында шешуші емтихан нәтижесіне байланысты жүргізіледі.

 

Мемлекеттер

Әзірбайжан

Түркіменстан

Қырғызстан

Өзбекстан

Өзбекстан (Қарақалпақстан)

Моңғолия

Молдова (Гагаузия)

Қытай Халық Республикасы (ұйғыр)

Дағыстан, РФ

Кабардин-Балкария, РФ

Қарашай-Черкесия, РФ

Алтай, РФ

Хакасия, РФ

Сібір, РФ (Шория)

Тыва, РФ

Башқұртстан, РФ

Чувашия, РФ

Татарстан, РФ

Саха (Якутия), РФ

Басқа елдер

 

Онлайн тіркелу талабы

Интернет желісі арқылы өтініш беруші, 2019 жылы маусым айының 30-ына дейін admission.ayu.edu.kz сайты арқылы қажетті өтініш формасын толтыруы, қажетті құжаттарды сканерлеп (jpg немесе pdf форматта) жіберуі тиіс.

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 25.04.2019 – 30.06.2019 Қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. Төлқұжат;
  2. Аттестат (Диплом);
  3. Транскрипт (Диплом қосымшасы);
  4. Ұсыным хат;
  5. Уәждемелік хат;

5) Фотография – 1 дана, соңғы 6 ай ішінде түсірілген. Егер бар болса:

  1. Мемлекеттік емтихан сертификаты;
  2. Алғыс хат;
  3. Грамота;
  4. Сертификат.

 

Жалпы талаптар:

  • Қазақстан Республикасы немесе Түркия Республикасының орта білім бағдарламасына сәйкес базалық білімінің болуы;
  • Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардың (Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасынан басқа) азаматы болуы.

 

Өтініштерді қарау және қабылдау

Қабылдау комиссиясы 01.07.2019-15.07.2019 күндері аралығында құжаттарды сараптайды. Іріктелген талапкерлерден 16.07.2019-25.07.2019 күндері аралығында онлайн емтихан қабылданады. Емтихан сұрақтары 4 тілде (қазақ, түрік, ағылшын, орыс) беріледі. Талапкер емтихан тілін өзі таңдайды.

Қабылдау комиссиясының шешімінен кейін университеттің Дайындық факультетіне қабылданған студенттерге электронды поштаға қабылданғандығы туралы хабарлама жіберіледі. Қабылдау комиссиясы жұмысының жалпы қорытындысы қосымша университеттің ayu.edu.kz, ayu.edu.tr веб-сайттарында тамыз айының алғашқы аптасында жарияланады.

 

Қазақстанның визалық жұмыстары

Қазақстан виза талап ететін студенттер оқу визасын алу жұмыстарын бастайды. Университеттің арнайы бөлімі қабылданған студенттерге электронды пошта арқылы виза номерін хабарлайды. Виза жұмыстарын тездету үшін оқуға қабылданған студенттер ең қысқа мерзімде (10.08.2019 дейін) паспорт көшірмесін төменде берілген адреске жіберуі тиіс. Паспорт немесе жеке куәлік көшірмесінің жеке мәліметтері мен жарамдылық мерзімі (жарамдылық мерзімі ең азы 2 жыл болуы тиіс) бар беті болуы міндетті. Студент визаны өзіне жіберілген номермен жергілікті Қазақстан Республикасының елшілігінен алады. Әртүрлі себептермен Қазақстан визасын ала алмаған студенттер университетке оқуға қабылданбайды.

 

 

Ахмет Ясауи университеті

Дайындық факультетінің декан орынбасары Мәлік СҰЛТАНБЕК Б.Момышұлы көшесі, №65

Кентау, ҚАЗАҚСТАН

Teл.: +7 705 275 03 88, E-mail: malik.sultanbek@ayu.edu.kz

 

БІЗДІҢ УНИВЕРСИТЕТ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтерінің Халықаралық келісім шарты негізінде құрылған. Университеттің бас ғимарттары Түркістан қаласында орналасқан, ал басқа ғимараттары Кентау қаласында.

 

Университет қабырғасында 10 мыңға жуық студент білім алуда. 922 оқытушы-профессор құрамы жұмыс істейді. Университетте білім 8 факультетте беріледі. Олар: Инженерия факультеті, Жаратылыстану факультеті, Гуманитарлық ғылымдар факультеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті, Филология факультеті, Өнер факультеті, Стоматология факультеті және Медицина факультеті. Аталған факультеттерде төмендегідей мамандықтар оқытылады:

 

р/с

коды

Мамандықтар атаулары

1

5В010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2

5В010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3

5В010300

Педагогика және психология

4

5В010400

Бастапқы әскери дайындық

5

5В010600

Музыкалық білім

6

5В010700

Бейнелеу өнері және сызу

7

5В010800

Дене шынықтыру және спорт

8

5В010900

Математика (педагогикалық математика)

9

5В011000

Физика (педагогикалық физика)

10

5В011100

Информатика(педагогикалық информатика)

11

5В011200

Химия

12

5В011300

Биология (педагогикалық биология)

13

5В011400

Тарих

14

5В011600

География

15

5В011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

16

5В011800

Орыс тілі мен әдебиеті

17

5В011900

Шетел тілі: екі шетел тілі

18

5В012000

Кәсіптік оқыту

19

5В020100

Философия

20

5В020200

Халықаралық қатынастар

21

5В020300

Тарих

22

5В020500

Филология (Қазақ тілі мен әдебиеті)

23

5В020600

Дінтану

24

5В020700

Аударма ісі

25

5В020800

Археология және этнология

26

5В021000

Шетел филологиясы

27

5В021100

Теология

 

28

5В030100

Құқықтану

29

5В040300

Вокалдық өнер

30

5В040400

Дәстүрлі музыка өнері

31

5В040700

Актерлік өнер

32

5В040900

Хореография

33

5В041700

Cән өнері

34

5В042100

Дизайн

35

5В050100

Әлеуметтану

36

5В050400

Журналистика

37

5В050600

Экономика

38

5В050700

Менеджмент

39

5В050800

Есеп және аудит

40

5В050900

Қаржы

41

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

42

5В060100

Математика (ғылыми математика)

43

5В060200

Информатика (ғылыми информатика)

44

5В060400

Физика (ғылыми физика)

45

5В060700

Биология (ғылыми биология)

46

5В060800

Экология

47

5В070200

Автоматтандыру және басқару

48

5В070300

Ақпараттық жүйелер

49

5В070400

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

50

5В071800

Электр энергетикасы

51

5В073100

Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі

52

5В090200

Туризм

53

5В130100

Жалпы медицина

54

5В130200

Стоматология

 

 

ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Университетте білім қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі. Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардлан келген студенттер Дайындық факультетінде қазақ, түрік және орыс тілдерін оқып үйренеді. Мамандық таңдау жыл соңында жинаған ұпайларына байланысты жүргізіледі. Қазақ және түрік тілдерінен қажетті ұпай жинай алмаған студенттер университеттен студент қатарынан шығарылады.

 

ШӘКІРТАҚЫ ЖӘНЕ ОҚУ АҚЫСЫ

Түркі тілдес елдер мен туыстас қауымдастықтардан келген ақысыз оқуға қабылданған студенттерге жол шығыны барып келуге жылына бір рет төленеді. Ахмет Ясауи университетінде оқу тегін. Басқа барлық шығындар студенттің өз есебінен төленеді. Студенттерге 100 АҚШ доллары шамасында шәкіртақы беріледі.

 

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің  ыңғайлы заманауи студенттік жатақханалары бар. Орташа сыйымдылығы 650 орындық ерлер мен қыздар жатақханасы бір бірінен бөлек орналасқан. Сонымен қатар, бұдан басқа түркістан және Кентау қалаларында студенттік жатақханалар бар. Дайындық факультетінің студенттері жатақханада тұруы міндетті. Дайындық фаультетін бітірген соң өзінің қалауы бойынша пәтер жалдай алады. Жатақхананың жылдық ақысы 70 АҚШ долларын құрайды.

 

АСХАНА

Университет қалашығында заманауи талаптарға сай жаңа құрылғылармен жабдықталған 400 орындық студенттер асханасы орналасқан. Мұнда студенттерге әртүрлі тағамдар ұсынылады. Студент 4 түрлі тағамнан тұратын орташа түскі асқа 1,5 АҚШ долларын жұмсайды.

 

ИНТЕРНЕТ

Түркістан қаласында орналасқан университет қалашығының бас ғимаратында сымсыз интернет жүйесі жұмыс істейді. Студенттер кез келген нүктеден (жатақхананы да қоса алғанда) интернетке еркін қол жеткізе алады.

 

КІТАПХАНА

Университеттің 4 қабатты жеке кітапханасы бар. Ғылыми кітапханада миллионға жуық қазақ, орыс, түрік, ағылшын және басқа да көптеген тілдерде кітаптар бар. Кітапханада күніне 2500 адамға қызмет көрсететін интернет сыныптары жұмыс істейді. Сонымен қатар, энциклопедиялар мен электронды оқулықтар қоры бар.

 

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Студенттер заманауи медициналық көмек алу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Тәулік бойы студенттердің денсаулығын қадағалайтын медициналық орталық жұмыс істейді. Алғашқы медициналық көмек пен дәрілер тегін беріледі.